Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының қатары толықты

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2015
  • 1264

Қалыптасқан дәстүр бойынша Тұңғыш президент күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының қатары толықты. Осы жолы елге танымал әдебиет, мәдениет, журналистика және спорт саңлақтарына партия билеттерін партия төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтің өзі табыстады.

«Нұр Отан» қатарына бүгін қосылған 13 азаматтың барлығы - елге танымал тұлғалар. Олардың әрқайсысы қызмет еткен саласының майталмандары. Асқар Мырзахметов, бұл азаматтардың партия қатарын толықтыруы, партияға деген сенімінің артқанын көрсететеді, деді.

Асқар Мырзахметов, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Еліміздің одан әрі дамуына байланысты, дамыған елдер қатарына қосылуға байланысты Елбасының елдің алдына, Қазақстанға кезекті үлкен реформаларды ұсынғаны да жақсы белгілі. Яғни бес реформа.

Белгілі ақын, қазақтың айтыс өнеріне ерең еңбек сіңірген қайраткер Жүрсін Ерман толқынысын жасырмады. Шешімін жан-жақты таразылаған ел ағасы «Нұр Отан» ұлт мүддесіне қызмет етіп отырған жалғыз саяси күш деген ой білдірді.

Жүрсін Ерман, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Қазақ халқының мүдделеріне «Нұр Отан» сияқты жауап беріп отырған басқа ешқандай партия жоқ. Экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуымыздың жоспарларын жасап, 100 қадамды да, «Мәңгілік ел» болу бағдарламасы да осы елдің азаматымыз деген барлығымыздың көкейімізден шығады. Елбасының саясатын қолдағандықтан да осы партияға кіріп тұрмыз.

Қатарға қосылған әдебиеттің аға буын өкілдерінің арасында Қалқаман Сарин, белгілі театр актері Нүркен Өтеуілов, футболшылар мен палуандар, журналистер мен әншілер де бар. Эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева партияның өнерге көрсетіп отырған қолдауын ерекше атады.

Маржан Арапбаева, әнші:

Еліміздің үлкен патриоты ретінде, саналы азамат ертінде, отанымның көркеюіне, өсуіне барлық үлесімді қосамын деп уәде беремін. Рахмет!

Айта кетерлігі, Тұңғыш президент күні мейрамы қарсаңында партия мүшелігіне азаматтарды қабылдау еліміздің барлық қалаларында жүргізілуде.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ