Валюта
бағамының күрт ауытқуына жол бермеу керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық
банк төрағасына осындай тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі
хабарлады.
Ұлттық банк
жетекшісінің есебін тыңдаған Нұрсұлтан Назарбаев инфляция үдерістерін жыл аяғына дейін
тұрақтандыруды тапсырды. Сондай-ақ, теңгенің айырбас бағамының күрт ауытқуына
жол бермеуді қадап айтты. Екінші деңгейлі банктердің экономиканы несиелендіруді
қамтамасыз етуі керектігіне тоқталды.
Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
Инфляциялық
үдерістер мен валюта нарығы тұрақтанды. Орта мерзімді кезеңде тұрғындар үшін
де, кәсіп иелері үшін де оң нәтижелер болады деген жоспар бар. Несиелендіру ісін
жандандыру күтіліп отыр.
Берік ХАСЕНОВ