Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсiздiк жылдары 1 миллионға жуық адам Қазақстан азаматтығын алған

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2016
  • 1375

Тәуелсiздiк жылдары 965 мыңай адам Қазақстан азаматтығын алған. Бұл туралы Мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықованың төрағалығымен өткен азаматтық мәселелер жөнiндегi комиссия отырысында белгiлi болды.

Жыл сайын азаматтық алуға түсетiн өтiнiш саны артып келеді. Бұл Елбасы саясатының арқасында қол жеткiзiлген табыстарымыздың айқын дәлелi. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы еліміз жаңа азаматтарды қарсы алуға әрқашан дайын екенін айтып, оларға лайықты жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Президент тиiстi Жарлыққа қол қойған соң, алыс-жақын елдерден келген 819 адам Қазақстан азаматы атанбақ.

Берік ХАСЕНОВ