Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде «Жер - біздің ортақ үйіміз» экологиялық балалар байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2014
  • 2943

«Жер - біздің ортақ үйіміз». Осындай атаумен өткен Балалардың республикалық ХII экологиялық байқауы жеңімпаздар жұмысының көрмесімен қорытындыланды. Жобаға қатысушылар - еліміздегі сурет мектептерінің 50-ге тарта тәрбиеленушісі. Олар Бурабай Ұлттық паркінде демалып қана қоймай, табиғатты аялауды үйренді.

Пленэр қатысушыларын анықтау үшін ЮНЕСКО-ның қазақстандық Ұлттық клуб федерациясы байқау өткізген болатын. Ерекше көзге түскен 12 мен 16 жас аралығындағы жеңімпаздар пленэрге шақырту алды. Басты жетістік - балалар шарадан соң қоршаған ортаны қорғауға кірісіп, демалушыларды айналаны таза ұстап, қоқыс тастамауға үндеді.

Серқан Аязбаев, ЮНЕСКО қазақстандық Ұлттық клуб федерациясының вице-президенті:

Біз балаларды көп жүргізуге, жаяу серуендетуге тырыстық. Көлдер мен Оқжетпес тауының, Абылай хан ордасының қасына әдейі тоқтадық. Балалар тауға шығып, бір мезгілде екі көлді жоғарыдан тамашалады. Олар сол жерде суреттемелер жасады.

Айдана Төлегенова, Балалардың ХII республикалық экологиялық байқауының бас жүлдегері:

Бірінші рет қатысып тұрмын осы проектке. 1-орын алғаныма сенбей тұрмын шынымен де. Өте қуаныштымын. Көп жұмыс жасадық. Жаңа тәжірибе, жақсы сурет салуға үйрендік.