Русский Сайттың толық нұсқасы

Бұдан былай Түркіменстанда бензин тегін таратылмайтын болды

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2014
  • 1646

Тегін жатқан батпан құйрық жоқ. Бүгіннен бастап Түркіменстанда бензин тегін таратылмайтын болды.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың жарлығына сәйкес, жанар-жағармай елдің барлық аймақтарында ақылы болады.

Айта өтейік, 2007 жылы президенттік таққа Бердімұхамедов келгелі бері ел тұрғындарына айына 120 литр бензин тегін беріліп келген. Сондай-ақ, Түркіменстанда газ, электр энергиясы мен су да тегін таратылады. Дегенмен, елде орташа жалақы 100 АҚШ долларын құрайды.

Илхам ИБРАГИМ