Барак Обама 1945 жылдан бері елді
басқарған президенттер арасынан соңғы орынға түсіп қалды. Ақ үй басшысының рейтингі соңғы уақыттары күрт төмендеп,
кіші Джордж Буштың деңгейіне дейін жетті. Буш Ақ үйден 2009 жылы кетті. Сол
тұста оның рейтингі 35%-ды құрады.
Ал қазіргі президент Барак Обаманы
халықтың 40% ғана қолдайды. Бұл өткен
аймен салыстырғанда, 13%-ға кем. Обаманың саясатына ел азаматтарының 53% наразы. Құрама штаттар жұртшылығы президент жүргізіп отырған
экономикалық және сыртқы саясатқа көңілдері толмайтынын жеткізді. Бұл саладағы
көрсеткіш 50%-дан төмен. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 45% 2012-жылғы
президент сайлауында бәсекеге түскен, республикашыл Митт Ромни ел басқарғанда,
Америкадағы жағдай оңтайлы дамитын еді деп, есептейді екен. Барак Обаманың
жүргізіп отырған саясатын қолдайтындар да аз емес.
Дегенмен, Ақ үй басшысының қазіргі
бағытына сенімсіздікпен қарайтын азаматтардың саны күннен-күнге көбейіп келеді.
Самат ҚАНАҒАТОВ