Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысындағы Жаңатас пен Қаратау қалаларына баратын жаңа темір жол тіркемелерінің тұсауы кесілді

  • AstanaTV
  • 08 шілде 2014
  • 2486

Шалғай жатқан шаҺарларға жаңа вагонмен жетіңіз! Енді Жаңатас пен Қаратау қалаларына жолға шыққан жолаушы су жаңа пойызбен баратын болды. Жазда - жайлы, қыста - қолайлы. Алыс аудандарға үш бірдей вагонның берілуі - Елорда күніне жасалған ерекше тарту болды. Бұл Жамбыл облысындағы шағын қалаларды дамыту бағдарламасының жүйелі жүзеге асуының да айғағы. Заманауи жабдықтармен қамтылған темір жол тіркемелерінің тұсауын кесіп, мәре-сәре болған ағайынның қуанышына Данияр Әлімқұл ортақтасып қайтты.

Жолға шықпақ болған жаңа вагондардың тұсауы Тараз темір жолында кесілді. Мына 3 су жаңа вагон Сарысу мен Талас аудандарына қатынайтын жолаушыларға берекелі болмақ. Енді алыс аудандарға аптап ыстық пен аязды суықта қатынау қорқыныш емес.

Дәулетбай Есенбеков, Жамбыл облыстық темір жол бөлімінің бастығы:

Былтыр 60 жарым мың мың адам тасымалданды. Биыл бес айдың арасында  66 жарым мың халық тасымалданды. Қазір біз 3 вагон қосып отырмыз. Әр вагонда 56 орын. Мұнда бұрында отырғанда, қанша дегенмен бір-бірімен сығылысып отыратын. Қазір, қараңыздаршы, қатарының арасы кең. Ешкім ешкімге кедергі болмайды.

Жолаушы тасымалын жақсарту үшін жергілікті билік бұл бастамаға бюджеттен 283 млн теңге бөліпті. Жалпы, жаңа вагон 168 орындық. Теледидармен толығып, желдеткішпен жабдықталған. 

Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

Мен де осы вагонға талай мінгенмін, студент болған кезімде, білетінбіз. Әсіресе қысты күнгі уақытта мына Берікқара жақта, Ақкөл жақта біраз жол жабылып қалатын, боран болған кезде. Содан елдің көбісі осы темір жолмен қатынайтын. Бұл жерде жаңа бір вагон арқылы жылу да, салқындататын да бәрі вагон арқылы келіп отырады.

Билет құны да бұрынғысынша қалтаны қақпайды. Тараз - Қаратау бағыты 160 теңге.  Жаңатасқа жету - 330 теңге. Бұл - шалғайдағы шаһарларға шойын жолмен қатынайтын жолашуылар үшін тиімді.

Біз сонау Қаратауға бару үшін таксиге 500 теңге, 1000 теңге, "Газельге" 500 теңге төлейтінбіз. Мінекей, мына вагонға 160 теңгемен Қаратауға барамыз, рахмет! 

Іші өте тамаша. Мынау кондиционер істеп тұр. Іші салқын. Құдайға тоба, осындай көрдік. Рахмет!

Енді, дәл осындай жаңа вагондар алдағы уақытта алыстағы Қордай мен Мойынқұмға да қатынамақ.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ