"Абу-Даби" ұлттық мұнай компаниясы әлемдік нарыққа қара
алтынның жаңа сұрыпын шығарды. "Вести Экономика" басылымы Біріккен
Араб Әмірліктері әлемдік мұнай бағасының құлдырауына байланысты табысты
еселеудің жаңа жолын қарастырып жатқанын жазады.
Мұнай қоры бойынша көш
басында тұрған ел 640 мың баррель Das Crude сұрыпы тиелген танкерді Жапонияға
жіберіп үлгерді. Жаңа өнім Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне арналып шығарылған.
Құрамында күкірті аз, жеңіл мұнай. Бүгінде әлемдік шикізат нарығында мұнайдың
10 түрі сатылады. Шыққан жеріне байланысты мұнайдың сапасы да әр түрлі болып
келеді. Сондықтан сұрыптар араластырылып, сапасы орташа өнім алынады.
Мөлдір
БАҚЫТ-ҚЫЗЫ