Ақтөбеде мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасалды. Жүзін
бетпердемен көлегейлеген қылмыскерлер 8 ойын аппаратын алып кеткен. Артынша
тергеу жүргізген полицейлер маңызды жәйтті анықтады. Яғни қылмыстың
болатыны туралы мейрамхананың күзетшісі хабардар болған. Күдікті онымен алдын
ала келісіп, бейнебақылау камерасы алдында қылмысты сахналап берген.
Көмекші
ретінде 5 бірдей танысын шақырып, «Стражник» маркалы тапаншамен оған сес
көрсеткен. Қарақшылық жолмен тартып алған ойын автоматтарын олар «Газель»
автокөлігіне тиеп әкеткен көрінеді. Жедел әрекет еткен тәртіп сақшылары
қылмысқа қатысы бар деген күдіктілерді қолға түсірді.
Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Заттай айғақтар тәркіленді. Олар 8 ойын аппараттары, сондай-ақ травматикалық тапанша және бейнебақылау камерасы тәркіленеді. Ұсталған
азаматтар кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жалғасуда.
Мансұр ЕСҚОЖИН