Қазақстанда
15 интернет-ресурстың өнімі заңсыз деп танылған. Оның ішінде 175 ақпараттық
материалдың экстремистік сипаты бары анықталды. Бұл туралы Бас прокурор Асхат Дауылбаев мәлімдеді. Жарты жылдық жұмысын
қорытындылаған ведомство әлеуметтік-экономикалық саладағы 270 мыңдай заң
бұзушылықты анықтады.
Бірқатарына шара қолданылып, 12 мың 700 құқықтық акті заңсыз деп танылып, күші
жойылған. Құқығы бұзылған 390 мыңдай азаматқа заңдық тұрғыдан көмек көрсетілді.
Алқа отырысында мемлекеттің материалдық мүддесін қорғау, қоғамдағы экстремистік
әрекеттердің жолын кесу жайы да сөз болды.
Асхат
Дауылбаев, ҚР Бас прокуроры:
Еңбекақы
төлеуде азаматтардың құқығын қорғау туралы Президент тапсырмасын орындап
отырмыз. Жұмыс нәтижесінде проблемалық өндіріс орындарының жұмысшыларға қарызы
азайтылды. 2010 жылдан бері оның көлемі 7 есеге төмендеген. Жыл басынан бері 40 өндіріс орнының 668 млн
теңге берешегі өндірілді.
Жұрағат
БАМАН