Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ипотекалық несие алған азаматтардың 15%-ы оны төлеуге қабілетсіз

  • AstanaTV
  • 22 шілде 2014
  • 1346

Қазақстанда ипотекалық несие алған азаматтардың 15%-ы оны төлеуге қабілетсіз. Бұл туралы журналистерге Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді. Айтуынша, елімізде 200 мыңға жуық адамның мойнында ипотекалық несие бар. Олардың 30 мыңға жуығының алған қарызын төлеуге қауқары жетпейді.

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Жұртшылық арасында ипотекалық қарызы бар азаматтардың борышын есептен шығарып тастайды-мыс деген қауесет тарап жүр. Тағы да айтамын. Борышты "сызып тастау" деген болмайды. Төлемге қауқарсыз азаматтардың қарызы қайта есептеледі. Қазіргі таңда Ұлттық банк бұл мәселені екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып шешу жолдарын қарастыруда.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында бас банкир 20 мың теңгелік купюраның әзірге айналымға шығарылмайтынын жеткізді. "Бұдан бұрын айтқанымыздай, мұндай ірі номиналдағы купюраны айналымға енгізу әзірге ерте. Жақын арада шығарамыз деген жоспар да жоқ. Тиісінше онда менің қолтаңбамның болуы немесе болмауы да беймәлім», - деді Келімбетов. 

Қайрат Келімбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

Я пока не предполагаю выход этой купюры. Соответственно, подписи моей там не будет, как вы видите.

Жұрағат БАМАН