Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық "Ақтөбе" мен Тбилисидің "Динамо" клубтары соңғы дайындықтарын пысықтады

  • AstanaTV
  • 23 шілде 2014
  • 1276

Қазақстандық "Ақтөбе" мен Тбилисидің "Динамо" клубтары кездесу алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтады. Кеше қос команда Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда жаттығу өткізген. Қонақтар сапындағы барлық ойыншы жауапты кездесуге сақадай сай. Алаң иелері қатарында қос капитан Петр Бадло мен Юрий Логвиненко жарақаттарына байланысты алаңға шықпауы мүмкін. Дегенмен бас бапкер Владимир Газзаев: "Бүгінгі ойында барлық күш-жігерді жеңіске бағыттайтын боламыз", - деді.

Ал "Динамо" командасының бас бапкері Грузияда өткен кездесу барысында тактикалық қателіктерге жол бергендігін мойындады. Бүгінгі ойында соларды түзетіп, жеңіске қол жеткізуге тырысамыз дейді.

Михал Билек, «Динамо» ФК бас бапкері (Тбилиси):

Бірінші матчта ұтылғанымыз жалпы кездесудің қорытындысына әсер етпейді деп ойлаймын. "Ақтөбеге" тойтарыс беріп, жеңуге тырысамыз. Өйткені біздің командада чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жүрген тәжірибелі ойыншылар бар. Соңына дейін күресуге дайынбыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН