«Нұр Отан» партиясы алдағы
қыркүйекте жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама қабылдамақ. Маңызды құжатты
әзірлеуге депутаттар, шетелдік сарапшылармен қатар түрлі сала өкілдері
атсалысуда. Қызу талқыланып жатқан жемқорлықққа қарсы бұл бағдарлама 10 жылға
есептелген. Ерекшелігі - ашықтығы мен барлық деңгейде талқылануында.
Бағдарлама
аясында Қазақстан бойынша өткізілетін іс-шаралардың нақты жұмыс жоспары
көрсетілген жол картасы жасалады. Осы арқылы жең ұшынан жалғасқан жемқорлық
көрсеткішін төмендетіп қана қоймай, шетелдік партиялармен қарым-қатынасты
нығайту да жоспарда бар. "Сыбайластықты жоюға бағытталған бағдарламаның жүзеге
асуына әр азамат өз үлесін қосуы керек", - дейді Мәжіліс депутаты Мейрам Бегентаев.
Мейрам Бегентаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр
Отан" фракциясының мүшесі:
«Қазақстан 2050» стратегиясы
біздің алдымызға жаңа мақсаттар қойды. Оған жету үшін сыбайластықпен күрес
жүргізудің маңызы зор. Біздің болашағымыз жемқорлыққа жем болмауы керек. Бүгін
қағаз жүзінде қабылданатын бағдарлама, ертең нақты іс жүзінде көрініс табуы
үшін, тек мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, әр азамат коррупцияға жол
бермей, онымен күресуі тиіс. Осы орайда қоғамдық институттар да белсенді болуы
керек.
Т.АМАНАЛИЕВА