Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық шеберлер Өскеменде фарфор жасау ісінен шеберлік сағатын өткізді

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2014
  • 1440

Шын шеберге тұсау жоқ. Қытайлық қолөнер шеберлері Өскеменде фарфор жасау ісінен шеберлік сағатын өткізді. Қытай күллі әлемге фарфорымен танымал. Тіпті бұл елдің шет тіліндегі "Чайна" атауы "фарфор" деген мағынаны білдіреді екен.

Келушілерге өз өнерін көрсеткен шебер Жун Жынхуа Хатайдын фарфордан тіпті картиналар да салады екен. Өз ісінің асқан шеберіне айналған Хатайдынды "фарфордың дже-дайы" деп те атауға болады дейді оның өнеріне тәнті болған өскемендіктер.

Жун Жынхуа, Хатайдын фарфор жасаушы шебер, ҚХР:

Менің бұл іспен айналысқаныма 20 жылдан асты, қазір өзімнің шәкірттерім де бар. Фарфор жасау өнеріне мені атам мен ағам үйретті. Жуырда Өскемен мен Шәуешек қалаларында өткен жәрмеңке кезінде, қазақтардың осы өнерге қызығушылығын байқадым. Кейін оларды үйретуге көштім. Фарфордың сирек кездесетін жылтырақ түрін жасауға болатын саз сіздерде бар екен. Енді үйренем деушілерге өз өнерімнің құпиясын ашамын.

Шебердің қолынан шыққан нағыз фарфор хрустальдан да қымбат тұрады екен. Оның түссіз мөлдір екендігін анықтау үшін жарық түсіріп, тексереді. Сол кезде жарықпен шағылысса, ол Қытайдың императорлық фарфорының сапасын білдіреді деді. Қызығушылығын жасыра алмаған өскемендіктерге қытайлық шебер ғаламтор арқылы дәріс беруге уәде етіп, Өскеменге енді жиі келіп тұратынын айтты.

Петр Тельманов, Өскемен қаласы балалар көркемөнер мектебінің директоры:

Біздер фотошоп пен баннерлерден жалықтық. Ал мұнда адамның ойы мен қиялының жемісін көресіз. Шын шеберге тұсау жоқ деген осы ғой.

Еркін ҚАРИН