Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада шайбалы хоккейден Президент кубогына арналған халықаралық турнир басталды

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2014
  • 1913

Астанада шайбалы хоккейден Президент кубогына арналған халықаралық турнир басталды. Биылғы турнирге қонаққа келген Ресейдің "Авангард", "Металлург" және Нефтехимик" командалары қазақстандық "Барыс" клубына қарсы тұрады. Жарыстың жыл сайын жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып отырған "Нұр Отан" партиясы. Тақырыпты Самат Қанағатов тарқатады.

Президент кубогы үшін өтетін турнирді асыға күткен хоккей жанкүйерлері «Қазақстан» спорт сарайын лық толтырды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мәмин қатысты.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында «дене тәрбиесі мен спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болу керек. Оны жүзеге асырып, Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына енуі тек экономикамыздың дамуына ғана емес, дені сау, саламатты ұрпақ тәрбиелеп, осындай дүбірлі додаларды дәріптей білуімізге байланысты.

Турнирдегі алғашқы кездесуін «Барыс» хоккейшілері Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» клубына қарсы өткізді. Тартысқа толы бәсекенің негізгі уақыты 2-2 есебімен тең аяқталды. Ал овертаймда жолы болған айдын иелері Брэндон Боченскидің көмегімен жеңіске жетті. Ал Омбы қаласының «Авангард» командасымен болған кездесу Андрей Назаровтың шәкірттері үшін оңай болған жоқ. Екі кезең қортындысы бойынша бірін-бірі ала-алмағанына қарамастан, шешуші кезеңде сәтті шабуыл ұйымдастырған ресейлік ұжым 2-1 есебімен үздік шықты.

Бүгін «Барыс» командасы Новокузнецк қаласының «Металлург» клубымен өзара мықтыны анықтайды. Егер бұл ойында айдын иедері үздік шықса, онда олар 12 тамыз күні «Авангард» хоккейшілерімен финалда бас жүлдені сарапқа салады.

Самат ҚАНАҒАТОВ