Еуропалық
одақ пен АҚШ-тың Ресейге қатысты шектеулері Қазақстан экономикасына кері әсер
етпейді. Бұл туралы журналистермен кездесуде Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Лейла Мұзапарова
мәлімдеді.
"Ресейге қарсы жарияланған санкциялардың еліміздің
экономикасына әсер етуi туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бiз антиресейлiк
санкциялардың Қазақстанға қатысы болуы ықтимал экономикалық зардаптарды зерттедік.
Әзiрге санкциялардың аумағы бiзге тiкелей әсер етпейді деген қорытындыға
келдік", - деді сарапшы.
Лейла Мұзапарова, Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары:
Егер санкциялар әлемдiк жалпы ішкі өнімінiң 0,1%-на
төмендетсе, онда Қазақстан да оны әлемдiк нарықтың бiр бөлiгi ретiнде сезiнедi.
Әлемдiк
экономикадағы Қазақстан экономикасының үлесi аз болғандықтан, бізге қатты әсер
ете қоймайды деп ойлаймын. Енгізілген шектеулер Қазақстан үшiн әлемдiк
экономиканың бір бөлiгi ретiнде ғана әсер етуi ықтимал.
Жұрағат БАМАН