Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Жоғарғы сотының
төрағасы Қайрат Мәмиге сот жүйесі саласында шетелдік инвесторлар құқықтарының
қорғалуын тапсырды.
Ақордада өткен кездесу барысында президент жуырда
жаңартылған үкімет құрылымында басшылық қызметте ағылшын тілін меңгерген
кадрлардың көптігін ескере келе, еліміздің сот жүйесіне де үш тұғырлы тіл
саясатын ұстанатын мамандардың жұмылдырылу жайын сөз етті. Сондай-ақ жаңа жылда
жаңа кодекстрдің қабылдануына орай, сот жүйесінің жұмысын жүйелі ұйымдастыруды
тапсырды.
-Қарап отырсаң, жаңа тағайындалған министрлердің барлығы жас
жігіттер, ағылшын тілін біледі. Инвесторлармен солардың тілінде сөйлесе алады.
Осы жағынан келгенде, барлық жұмысты осыған бағындыру керек қой.
- Бізде де қазір
сотта "Болашақ" бағдарламасымен оқып келгендер, соңғы кезде келген жастардың
30-40 пайызы ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын, еркін жаза алатын.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ