Экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік
нарығы Қазақстан ұнды сырттан тасымайды, ал импортталатын шәйдің қымбаттауы оның ішкі нарықтағы бағасына еш әсер етпейді. Қазақстанға импортталатын кейбір
тауар түрлерінің бағасы өскені туралы Кедендік бақылау комитетінің жауырда
таратқан дерегіне орай, Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай жауап беріп отыр.
Кедендік бақылау комитеті "елге әкелінетін ұн бағасы 27 пайызға , ал
шәйдің бағасы 47 пайызға өскенін" хабарлаған.
Бақыт Жүнісова, ҚР Қаржы министрлігі Кедендік
бақылау комитеті статистикалық сұрақтар бойынша үйлестіру бөлімінің бас
сарапшысы:
Үстіміздегі жылдың шілде айында елімізге
импортталатын ферменттелген қара шәйдің бағасы маусым айымен салыстырғанда, 37
пайызға өсті. Ал бидай ұнының импорты қатты бидайдан 10 пайызға төмендегені
байқалады. Сондай-ақ, бидай ұнының импорты жұмсақ бидайдан 67 пайызға
төмендеген.
Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер Кедендік
бақылау комитетінің берген мәліметін теріске шығарып отыр. "Қазақстан ұнды
мүлде импорттамайды. Ал шәй бағасы арзандамаса, қымбаттауы тіптен мүмкін
емес",- дейді ведомство өкілдері.
Шаймерден Ахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігі экономикалық интеграция және аграрлық азық-түлік нарығы
департаменті директорының орынбасары:
Біз ұнды импорттайтын ел емеспіз. Керісінше,
соңғы кездері ұн экспорттаудан әлемде көшбасшымыз. Мүмкін біреулер аз ғана
мөлшерде алып келген болса, оның өзі өте аз, бізге еш әсері жоқ. Ал шәйді біз
өндірмейтініміз түсінікті. Барлығы да сырттан әкелінеді. Кей түрлері қапталмай
жеткізіледі. Бұл шашамен 26 мың тонна. Одан бөлек 4-4,5 тонна шәй дайын
күйінде әкелінеді. Мен Қазақстандағы соңғы айдағы және соңғы аптадағы
мәліметтерді қарадым. Баға бірқалыпты. Ешқандай шәй бағасының өсуі байқалмайды.
Орта есеппен 1 кг - 1300 теңге.
Тоғжан АМАНАЛИЕВА