"Нұр
Отан" партиясының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025
жылдарға арналған бағдарламасы" жаңа міндеттер жүктеп отыр. Бұл туралы
партияның Орал қаласында өткен облыстық саяси кеңесінде айтылды.
Жемқорлықпен күрес бағдарламасы елімізде маңызды үш элементтен тұратын жүйені
құруды көздейді. Мұнда азаматтық қоғам мен оның тірегі болып саналар мықты
бизнес және әлеуметтің жауапкершілігі жан-жақты ескерілген. Ауқымды іс тиімді
жүзеге асырылуы үшін әр бес жыл сайын Жол картасы, ал жыл сайын іс-шаралар
жоспары әзірленеді. Саяси кеңеске қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің өз
ісіне адалдық танытпауы бұқараның билікке деген сеніміне селкеу түсіретінін
мәлімдеді.
Айта кетелік, жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 7
мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлыққа бой алдырғаны үшін істі болған.
"Нұр Отан" партиясының мүшелері болып саналатын бұл азаматтардың
барлығы дерлік - ауыл әкімдері. Алқалы жиынға қатысушылар парақорлықпен күресті
халық болып күшейтуге уағдаласты.
Оралбай
Әбдікәрімов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы
жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес
төрағасының бірінші орынбасары:
Еуразиялық
одақ құрылып жатқанда, экономикалық, соған байланысты енді партияның жұмыс,
іс-әдістері де өзгеруі тиіс. Мына жемқорлыққа байланысты, соған әдейілеп
бағдарлама қабылданды. Жалғыз ғана ол мемлекеттік органдардың ісі емес, халық
болып кірісуі керек жұмысқа. 2025 жылға дейін бағдарлама жасап жатыр, партияның
бағдарламасы соған сәйкес болуы керек.
Еркін ҚАРИН