Ресей Сыртқы істер министрі Сергей
Лавров Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық ұйым құрудағы рөлі ерекше екенін
мәлімдеді. Қазақстан Президенті жуырда «Біздің
тәуеліздігіміз - ең қымбат байлығымыз. Егер де, Еуразиялық одақ азаттығымызға
қауіп төндіретін болса, Астана бұл одақтан бас тартады» деген-ді. Кеше Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Еуразиялық одақ - егемен, әрі экономикалық
мүдделері бір елдердің бірлестігі екенін мәлімдеді.
Сергей Лавров, РФ Ресей сыртқы істер министрі:
Кедендік одаққа мүшелік үш елге де - Ресейге, Қазақстанға және Белорусияға
тиімді. Бұл - өздерінің экономикалық, сауда
және инвестициялық мүмкіндіктерін біріктіре отырып, одан зор нәтиже күтетін
тәуелсіз елдердің одағы. Ал, Еуразиялық одақ - өте сәтті жоба. Оның құрылуына
Қазақстан Президентінің көп еңбегі сіңді. Жуырда Селигерде айтқан сөзінде
президент Владимир Путин «Еуразиялық одақ құру мен Қазақстан Республикасын дамытуда
Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше», - деп, бірнеше мәрте айтты.
Т.АМАНАЛИЕВА