Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада
Иран елінің басшысы Хасан Руханимен кездеседі. Президенттің баспасөз қызметінің
хабарлауынша, Иран басшысы мемлекеттік сапармен Қазақстанға келеді деп
жоспарлануда.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті 11-12 қыркүйекте Душанбеде өтетін
ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА