Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2014
  • 1542

Душанбеде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің шағын құрамдағы жиыны басталды. Оған Қазақстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері қатысуда.

Тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстан, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка және басқа да ұйым кеңістігіне іргелес өңірдегі ахуал бойынша пікір алмасады деп жоспарланған. Саммит қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Әңгіме барысында екі жақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев «Тәжікстан - еліміздің маңызды серіктесі», - деді. Қазақстанның оған жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.

Сондай-ақ, екі елдің өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығы мәселелері қаралды. Президенттер халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттарға қатысты да пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Председательство в ШОС Таджикистана прошло очень активно, продуктивно. И повестка дня завтрашняя, и решаемые вопросы говорят об этом. В последнее время Таджикистан на международном уровне поднял свое значение.

Жұрағат БАМАН