Русский Сайттың толық нұсқасы

Бозымбаев Омбы сапарында жергілікті мектептерге қазақ тілін енгізуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2014
  • 1611

Ресейдің Омбы аймағындағы мектептерге қазақ тілі пәнін енгізу керек. Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев көрші елге арнайы сапары барысында осындай ұсыныс айтты. Өз кезегінде ол Омбыдағы білім ордаларын қажетті оқу-құралдарымен қамтуға қол ұшын беруге әзір екенін жеткізді. Отандық тәжірибені мысалға келтірген әкім: "Бүгінде Қазақстан мектептерінде үш тіл қатар оқытылады. Оқушылар қазақ, ағылшын әрі орыс тілін  меңгеруде", - дегенді де қосты.

Алайда Омбыдағы қандастарымыздың басты проблемасы қазақ тілді кадрлардың жоқтығында болып отыр. "Сондықтан осы мәселені ойластыру қажет", - деді Қанат Бозымбаев. Аймақ әкімі Омбы өңіріндегі үздік түлектерді Павлодардың жоғарғы оқу орындарында білім алуға шақырды. 

Қанат Бозымбаев, Павлодар облысының әкімі:

Облыста 11 мектеп бар екен. Сол 11 мектепте балалар қазақ тілін оқиды екен. Балалардың саны 300 адам екен. Диаспораның саны 83 мың адам. Ол тек қана ресми цифра. Оның ішінде 20 мыңдай бала. 15 мың бала мектепте оқиды. 300 бала ғана қазақ тілінде оқиды. Меніңше, кішкене дұрыс емес сияқты. Сондықтан мәселені жүйелі түрде қолға алу керек.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ