Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2014
  • 1131

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесу барысында Мәсімов Үкіметтің атқарып жатқан жұмыстары және жоспарлары туралы баяндады, - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеде Қытай, Ресей және Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бойынша басқа да серіктес елдердің басшыларымен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімовке елдегі әлеуметтік ахуалды қалыпты ұстауды тапсырды.

Елбасы Үкімет үйі жалпы кез-келген дағдарыстық жағдайға дайын болу керектігін қадап айтты. Өз кезегінде премьер Мәсімов мемлекет басшысына Үкімет, Ұлттық банк және өңірлік әкімдермен бірлесе халықаралық жағдайдың кез-келген сценарийіне әзір жұмыс тобының құрылғандығын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Зейнетақы төлеу, жалақы төлеу, басқа көмек беру мәселелерін төмендетпеу керекпіз. Бұл экономиканың жақсы жұмыс істеуіне байланысты. После моих переговоров в Душанбе с Китайской Народной Республикой, Российской Федерацией и другими возникает несколько вопросов, которые нужно решить. Это все касается улучшения нашей экономической ситуации в условиях турбулентности цен на мировом рынке на наше основное сырье - нефть и газ, у нас есть падение и по металлургической, и по добыче нефти.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ