Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Қазақстандағы жұмысын тәмамдады

  • AstanaTV
  • 11 қаңтар 2016
  • 1430

Қазақстанның төрағалығынан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әлемдік сахнадағы белсенділігі төмендеді. Мұндай пікірді ұйымның Астанадағы бағдарламалар офисінің басшысы Наталья Зарудная білдірді.

Дипмиссия Қазақстандағы жұмысын бүгін ресми түрде аяқтады. Ол Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен тыныштыққа қосқан үлесін жоғары бағалайды. Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Наталья Заруднаяның Қазақстан мен халықаралық ұйым арасындағы диалогқа сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ