Русский Сайттың толық нұсқасы

«Естайдың Қорланы» махаббат-намасы Баку көрермендеріне ұсынылды

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 1626

«Естайдың Қорланы» махаббат-намасы әзірбайжандық көрерменге ұсынылды. Бауырлас елдің Шеки қаласында I Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті.

Мәдени шараға Әзірбайжан мемлекетінен 12 театр ұжымы қатысты. Сондай-ақ, Қазақстан мен Қалмық Республикасының ұлттық театр труппалары да арнайы шақырту алған. Еліміздің атынан бұл байқауға Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының труппасы барды. Олар драматург Иран Ғайыптың «Естайдың Қорланы» махаббат-намасын сахналады.

Айта өтейік, драма араға 40 жыл салып қауышқан Естай мен Қорланның пәк сезімдері жайында өрбиді. Ғажайып махаббат дастаны көрерменнің көңілінен шықты.

Ерлан Біләл, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі:

Көрерменнің ешқандай аудармасыз түсінуі, спектакльді қабылдауы, актерлардың ойыны, жаңағы шетте айтып жатқан көрермендердің, театр әлемінде істеп жатқандардың пікірлері өте жақсы болды. Сондықтан, біздің қуанышымыз қойнымызға сыймай, керемет көңіл күйде тұрған жайымыз бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА