Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбедегі Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестріне 80 жыл

  • AstanaTV
  • 23 қыркүйек 2014
  • 2599

Құрманғазы атындағы Қазақ мемелекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне 80 жыл. Осыған орай өнер ұжымы ел аралап, гастрольдік сапарда жүр. Алғашқы концерт оркестрдің негізін қалаушы - Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туған жерінде өтті.

Классикалық туындыларды күнделікті тыңдауға мүмкіндігі жоқ Ақтөбе тұрғындары кешке көптеп жиналды. Қазақтың домбырасын күмбірлетіп, төрткүл дүниені таңғалдырған өнерпаздар бұл жолы да жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. Осыдан 80 жыл бұрын 11 музыканттан құралған оркестрді бүгінде алыс-жақын шетелдің бәрі мойындаған. Жақында ғана Америка Құрама Штаттарында өткен концертінде ине шаншар жер болмапты. Еліміздің аймақтарына сапар Ахмет Жұбановтың туған жерінен басталуы тарихқа тағзым, дейді.

Еркебұлан Мүсіреп, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі:

Бізде жылына 100 концерт. Жүзден аса солай. 50 мыңдай көрерменмен қауышып, міндетті түрде болу керек. Қауышып, кездесу керек. Енді осы сапар жалғасады, Ақтау облысына барамыз. Мынау бастамасы.

Мансұр ЕСҚОЖИН