Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Астраханда төртінші Каспий саммиті өтпек

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2014
  • 770

Бүгін Астраханда төртінші Каспий саммиті өтпек. Жиынға Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Иран және Түркменстан елдерінің лидерлері қатысады. Тараптар Каспий мәртебесі мәселесін талқылауды шегіне жеткізбек. Ресми Мәскеу, бұл саммит өте нәтижелі болады, деп санайды. Жиында теңіз жағалауындағы елдер басшылары су кеңістігін бөлу және белгілеу мәселелерін де талқылайды.

Сондай-ақ, аймақтан тыс мемлекеттердің Каспийде әскери күштерін орналастыру туралы тәртіпке өзгерістер енгізілмек. Бес мемлекеттің өзара сауда-экономикалық әріптестігі де сөз болмақ. Кремльдің мәлметінше, Астрахандағы саммит аясында коммюнике қабылданып, үкіметаралық үш келісім жасалады.

Жұрағат БАМАН