Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат депутаттығына өтініш білдірген 53 үміткердің 14-і өз еркімен депутаттық мандат үшін жарысын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2014
  • 1256

Өңірлерден Сенат депутаттығына өтініш білдірген 53 үміткердің 14-і өз еркімен депутаттық мандат үшін жарысын тоқтатты. Бұл туралы бүгін еліміздің Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді. Бүгін сағат 24:00-де еліміз бойынша үгіт-насихат жұмыстары толық тоқтатылады. Осылайша сайлауға түсетін қорытынды тізімде 39 үміткер бар.

Олар 1-қазанда Парламенттің Жоғары палатасының 32 мандатын өзара тартысқа салады. Сайлау нәтижесі заңға сәйкес 7 күнде жария болады. Бірақ комиссия хатшысы «дауыс санауды барынша жылдамдатуға тырысамыз» деді. Сайлаудың ашық әрі әділ өтуін 160-тан астам шет елдік байқаушы мен 100-ден астам ақпарат құралы бақылайды. Сайлау науқанына, әсіресе ресейлік байқаушылар тарапынан қызығушылық мол.

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Ең көбі Ресейден, әрине, олардан 25-30-ға таяп қалды ғой деймін байқаушылардан, қырғыздар, Өзбекстан, Тәжікстаннан келіп жатқан азаматтар, енді алыс жақтан айтатын болсақ, Батыс Еуропадан келіп жатқандар да көп.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ