Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ пен Украина арасында газ бойынша құпия уағдаластық бар

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 929

Украинаның АҚШ алдында газ мәселесі бойынша құпия міндеттері бар. Бұл туралы «Московский комсомолец» басылымына ресейлік Ұлттық энергетика қауіпсіздігі қорының бас директоры Константин Симонов мәлім етті.

Оның айтуынша, Киев АҚШ-тың қысымынан кейін газ келісімін созып отыр. Әзірге жағдай мынадай: Украина Еуроодақ есебінен тасымалды жалғастыруға кепіл берген жағдайда 5 миллиард қарыздың 3,1 млрд долларын төлеуиі тіис-тін. Бірақ, Киев бұл ақшаға қарызды өтеу емес, «Газпромға» алдын ала төлем ретінде қарап отыр. Бірақ, Ресей тарапы бәрібір көгілдір отын тасымалын тоқтата алмайды. Өйткені, Укрина құбырлары арқылы газ Еуропаға жеткізілуде. Ол тоқтаса, ірі көлемде айыппұл арқалуы мүмкін. Брюссель 2009-жылғы дағдарыстың қайталануынан қорқып отыр. Ол кезде Украина Еуропа газын өз қажеттігі үшін экспорттық құбырдан алып отырған.

Константин Симонов, Ұлттық энергетика қауіпсіздігі қорының бас директоры:

Еуроодақ «Нафтогаздың» қарызын өтеуге 2 млрд, тағы газға алдын ала төлеуге 1,1 млрд береді. Ресей осы соманы алған соң, тасымалды бастауға келісіп отыр. Бірақ, Украина ақша төлемейтін емес. Тіпті келісімді құжат жүзінде рәсімдеуге қарсы. Украина «Газпроммен» қандай жағдайда да келісімге отырмауға АҚШ-қа уәде беріп қойған сияқты. Жағдайды әбден ушықтырып, артынан бәрін Ресейге жаба салу үшін. Позициясы түсініксіз болып тұр. Біз үшін - бизнес маңызды. Ал, газ Украинаға өз тірлігі үшін, керек ғой.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА