Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысында «Алтай - ортақ үйіміз» форумы өтті

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1491

Шығыс Қазақстан облысы қайнаған туризм орталығана айналуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық туризм күніне орай Өскеменде өткен форумда айтылды.

Оған Түркия, Филиппин, АҚШ, Швейцария, Ресей және Қытай өкілдері қатысты. Соңғы жылдары аймаққа саяхаттап келетіндер саны артқан. Биыл жазда өңірге 500 мың турист табан тіреген. Көпшілігін ерекше табиғат, бай тарих пен Белуха тауы, Патшалар алқабы секілді тылсым мекендер тартады. Шет елдік қонақтар «осының бәрін әлемдік нарыққа шығару керек», - дейді. Жергілікті туристік агенттіктерде маркетинг пен жарнама жағы ақсап тұр.

Бүгінде шығыста медициналық, экстремалды туризм жақсы дамыған. Форумда табиғат сыйын тиімді пайдалу керктігі сөз болды. Ол үшін әлемдегі жетекші туроператорлар аймақта шеберлік дәрістерін өткізіп, тәжірибемен бөлеспек. Ал кейбір мектептер гид кәсібіне үйрететін арнайы пән енгізбек.

Ержан Сембинов, ШҚО Туризм басқармасының бастығы:

Бүгінде ішкі туризмнің дамып келе жатқаны байқалады. Осы бағытта біз жұмыс істеуіміз керек. Шығыстың бұрыш-бұрышы қызыққа тұнып тұр.

Рейнет Саймонс, Оңтүстік Африка республикасының өкілі:

Сіздер қонақжай екенсіздер. Табиғаттарыңыз да тамаша. Шығыс Қазақстанды Швейцарияға теңегенде сенбеген едім. Біраз жерлерді аралап, табиғи байлыққа көзім жетті. Мұндай барын білсе, әлемнің түкпір-түкпірінен туристер қажылыққа келгендей ағылар еді.

Өңірге туристерді тарту үшін, көкке «Шығыс Қазақстан, мен сені сүйемін» деп жазылған алып шар ұшырылды. Студенттер бұл флеш-мобты жалғастыруды көрші Павлодарға тапсырды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА