2019-жылға таяу Ресей мен
Қазақстандағы бензин бағасы теңеседі. Бүгін Атырауда «Көмірсутек
саласындағы инновация» тақарыбындағы форумда жүрген Энергетика министрінің
орынбасары Ұзақбай Қарабалин арнамызға осылай деді.
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы
бензин бағасының төмендігі ресейлік алыпсатарлардың пайдасына айналды.
Қазақстандағы жанар-жағармайдың басым бөлігі қайтадан Ресей нарығында саудалануда.
Сондықтан, бағаны бір ізге салу, заңсыз алыпсатарлықтың жолын кеседі деп
сенеміз, деді. Сондай-ақ, Ұзақбай Қарабалин
жыл соңына дейін, қазіргі баға тұрақты сақталатынын айтты.
Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің
орынбасары:
Біз нарықтық экономикада өмір сұріп жатырмыз. Біздің елдер бір одақ құрып
жатыр. Мұндай жерде екі жақта бағада
айырмашылық болатын болса, осындай жағдай туа береді. Сол себептен, болашақта
мысалы, 19-жылға дейін екі жақтың бағасын бірдей
қылуға тырысамыз.
Базаркүл ІЗІМОВА