Русский Сайттың толық нұсқасы

Гонконг полицейлері тәртіпсіздік барысында 100-ден астам адамды қамауға алды

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 965

Гонконг полицейлері тәртіпсіздік барысында 100-ден астам адамды қамауға алды. Оларға бұзақылық жасады және тәртіп сақшыларына күш қолданды деген айып тағылды. Наразылық акциялары бірнеше күнге созылуда. Арал тұрғындары алаңнан кетпей, тіпті ашық аспан астында түнеуден таймай отыр. Олардың басты талабы - әкімшілік таңдауда Қытай билігінен тәуелсіз болу.

Жағдай ушығып, полицейлерді наразылық білдірушілерге қарсы жасауратқыш газ бен резина оқ қолдануына дейін алып келді. Нәтижесінде 56 адам түрлі жарақат алған. Жаппай тәртіпсіздік алаңдарында көптеген шет елдік компаниялардың кеңселері мен банктер, дүкендер мен мектептер жабылды. Жағдай қор нарығына да әсер етті. Азия-Тынық мұхит өңірі көрсеткіштерінің басым бөлігі төмендеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ