Русский Сайттың толық нұсқасы

Көп қабатты үйлерге ортақ жылу мен су есептегіш құралдарын орнату міндеттелуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1277

Алдағы уақытта көп қабатты үйлерге ортақ жылу мен су есептегіш құралдарын орнату міндеттелуі мүмкін. Бүгін Мәжілісте «Сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша» заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылды. Соған сай, бұдан былай суды үнемдеу мақсатында көп қабатты үйлерге жаппай есептегіш құрал орнатылады. Бұған дейін мұндай құрылғыны орнату монополистердің мойнына жүктелген еді.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары есептегіштер үшін бюджеттен ақша бөлінгенін жеткізді. Оның айтуынша, монополистердің шамасы келмегендіктен, бұл сома ұзақ мерзімді пайызсыз несие ретінде берілген. Ал бөлінген қаржы жылдар бойы тарифтік өсім арқылы өндірілмек.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:

Жылу есептегіштерін орнатуға бюджеттен 8 млн теңге қаралған. Орнатылғаннан кейін ол монополия субъектілеріне өтеді. Олар қарызды біраз жылдан соң, тариф есебінен бірітіндеп қайтарады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ