Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің Федерация кеңесінің шенеуніктері АҚШ-қа барудан бас тартты

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1515

Ресейдің Федерация кеңесінің шенеуніктері АҚШ-қа барудан бас тартты. Бұл ақпаратты «Известия» басылымы халықаралық комитеттің уақытша басшысы қызметін атқаратын Владимир Джабаровқа сілтеме жасап таратты.

Оның сөзіне қарағанда, бұған Ресейге қарсы қолданылған санкциялар себеп болған. Сондай-ақ, белгілі болғандай, Федерация кеңесі Мәскеуге қарсы бағытты ұстанған Еуропалық одақ елдерімен жұмысын тоқтатады. Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Барак Обаманың БҰҰ бас ассамблеясында «Ресей - Эбола дертінен кейін әлемге төніп тұрған екінші қауіп», - деген сөзінен кейін жасалды. Джабаровтың пайымдауынша, «Бұл шектеулер тек ресми іс-сапарларға ғана бағытталған. Жеке сапарларға тыйым жоқ».

Самат ҚАНАҒАТОВ