Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс ЕАЭО шартын ратификациялау туралы заң жобасын қарастырады

  • AstanaTV
  • 30 қыркүйек 2014
  • 1371

Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасы Мәжілістің ертеңгі күн тәртібінде қарастырылады. Қазақстан заңы бойынша, құжат әуелі Мәжілісте, сосын Парламенттің Жоғарғы палатасы - Сенатта, содан кейін барып Президенттің қол қоюына жіберіледі.

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары 29-мамырда Астанада қабылдады. Аталған шартты ең бірінші болып Ресей Думасы өткен жұмада бір ауыздан мақұлдады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ