Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1014

Кеше кешқұрым Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді. Президентті облыс әкімі Алик Айдарбаев бастаған топ қарсы алды. Сапар барысында Елбасы бірқатар нысандарды аралап, өңір кәсіпкерлерімен кездеседі, деп жоспарланған.

Жұмыс сапарының мақсаты - аймақтың экономикалық дамуы, индустриалды-инновациялық жобаларды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыс қарқынымен танысу, - деп, Ақ орданың баспасөз қызметі хабарлады.