Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге жұмыс визасын беруден бас тартты

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1422

Құрама Штаттар Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге жұмыс визасын беруден бас тартты. Бұл ақпаратты Грузия баспасөзі таратты.

Белігілі болғандай, президент Барак Обама бұдан былай Грузия экс-президентіне қолдау көрсетпейді. Болжам бойынша Михаил Саакашвили АҚШ-тан саяси баспана сұраған. Бірақ, жұмыс визасы болмай, бұл шара іске аспайды. Өз кезегінде Грузияның экс-президенті бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеген. Қазіргі уақытта Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан Саакашвили естелік кітабын жазуда.

Сонымен бірге, ол Тафтса университетінде лекция оқуды жалғастырмақ. Грузияда Михаил Саакашвилиге қарсы түрлі айып тағылып отыр, оның ішінде 2007-жылы шеруге шыққан халықты жазалады және бюджеттен 5 млн АҚШ долларын жымқырған деген айыптар бар. Егер экс-президенттің кінәсі дәлелденсе, ол 11 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бірақ, Саакашвили өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген.

Самат ҚАНАҒАТОВ