Құрама Штаттар Грузияның бұрынғы
президенті Михаил Саакашвилиге жұмыс визасын беруден бас тартты. Бұл ақпаратты Грузия баспасөзі таратты.
Белігілі болғандай, президент Барак
Обама бұдан былай Грузия экс-президентіне қолдау көрсетпейді. Болжам бойынша Михаил
Саакашвили АҚШ-тан саяси баспана сұраған. Бірақ,
жұмыс визасы болмай, бұл шара іске аспайды. Өз кезегінде Грузияның
экс-президенті бұл оқиғаға байланысты түсініктеме бермеген. Қазіргі уақытта
Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан Саакашвили естелік кітабын жазуда.
Сонымен бірге, ол Тафтса
университетінде лекция оқуды жалғастырмақ. Грузияда Михаил Саакашвилиге қарсы
түрлі айып тағылып отыр, оның ішінде 2007-жылы шеруге
шыққан халықты жазалады және бюджеттен 5 млн АҚШ долларын жымқырған деген
айыптар бар. Егер экс-президенттің кінәсі дәлелденсе, ол 11 жылға бас
бостандығынан айрылуы мүмкін. Бірақ, Саакашвили өзіне тағылған айыппен
келіспейтінін мәлімдеген.
Самат ҚАНАҒАТОВ