Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған 2 адам көлік жүргізу куәлігін иеленіп келген

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1520

Ақтөбеде наркологиялық есепте тұрған 2 адам көлік жүргізу куәлігін иеленген. Бұл дерек кезекті прокурорлық тексеріс барысында анықталды.

Есірткі қолданған тағы бір тұрғын жол сақшыларының құрығына ілігіп, көлік жүргізу құжаттарынан айрылғанымен, қиналмастан тегін өзгертіп, басқа куәлікке ие болыпты. Осындай олқылықтарды жіпке тізген прокурорлар жол полицейлерін куәлік таратуға атүсті қарайтындығы үшін айыптады. Бірақ, заң тармақтарында наркологиялық есепте тұрған азаматқа жүргізуші куәлігі берілмеуі тиіс деген тыйым жоқ, - дейді қадағалаушы орган өкілдері. Осы ағаттықты жою мақсатында ақтөбелік прокурорлар Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне тиісті ұсыныс енгізбек.

Маратбек Мырзамұратов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы 1-басқармасының бастығы:

Бұл факті бойынша біз процессуалдық шешім қабылдау үшін, осы Радченкоға байланысты материалдарды ішкі істер органдарына жолдаған болатынбыз. Қазіргі таңда бұл материалдар бойынша тексеру жүргізілу барысында.

Мансұр ЕСҚОЖИН