Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда АЭС салынатын орын әзірге анықталмады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1034

Қазақстанда АЭС салынатын орын әзірге анықталған жоқ. Бұл жайында ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Курчатов қаласының аймағы қарастырылуда. Алайда бұл соңғы шешім емес. Бірқатар зерттеу жұмысын жүргізіп барып шешім қабылдау қажет», - деді министр.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, кеше Атырауда өткен өңіраралық форум шеңберінде Владимир Школьник пен «Росатом» корпорациясының бас директоры Сергей Кириенко елімізде атом электр станциясын салу және пайдалану жөнінде ынтымақтастық орнату туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл туралы меморандумды қос тарап мамыр айында бекіткен еді. Жоба бойынша, Қазақстанда салынатын реакторлар қуаты 300-ден 1200 МВт-қа дейін жетпек.

Айта кетерлігі, бұған дейін атом электр станциясы энергия көзінен тапшылық көріп отырған өңірлердегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында Балхаш көлінің маңында немесе Ақтауда салынады деген болжамдар болған.

Марат ЕРНАЗАРҰЛЫ