Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасы мақұлданды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1104

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартты ратификациялау жөніндегі заң жобасын мақұлдады. Құжатты таныстырған Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттердің ұлттық мүдделерін ескеріп, егеменді теңдік принципін сақтай отырып, таза экономикалық ынтымақтастық мәселелерді көздейді», - деді.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің барлық органдары деңгейінде консенсус негізінде шешім қабылдау механизмдері шартта айқын бекітілген. «Қандай да бір елдің үстемдік жасау мүмкіндігі болмайды. Егеменді теңдік принципі шешім қабылдау механизмдерінде ғана емес, одақ органдарына мүше-мемлекеттер өкілдерін енгізу арқылы да бекітілген», - деді Досаев.

Қазақстан заңы бойынша, құжат әуелі Мәжілісте, сосын Парламенттің Жоғарғы палатасы - Сенатта, содан кейін барып Президенттің қол қоюына жіберіледі. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты Қазақстан, Беларусь және Ресей басшылары 29-мамырда Астанада қабылдады. Аталған шартты ең бірінші болып Ресей Думасында өткен жұмада ратификациялады.