Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк отандық банктердің акционерлік капиталын елден тыс орналастыруына шектеулер енгізді

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1489

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қатысты кезекті шектеу енгізді. Енді аталған банктер өз капиталын елден тысқары аумақта орналастырғанда белгілі бір деңгейден аспауы тиіс. Бұл шектеу 1-қазаннан бастап күшіне енді.

Біздің талабымыз бойынша акционерлік капиталдың 70%-ы өз елімізде болуы керек. Бүгінде банктердің оларды шетелдердегі корреспонденттік шоттарда ұстауына мүмкіндігі бар. Алайда, ол қаражаттарды негізінен қазақстандықтар құйған. Сондықтан, ақша өзімізде болуы тиіс. Осыдан біраз бұрын Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осылай деген болатын.

Айта кетерлігі, аталған шектеу Қазақстандағы жүйе құраушыларға жатпайтын банктер үшін осы жылдың 1-қазанынан бастап енгізілмек. Ал жүйе құраушы банктер, яғни, «Халық банк» пен «Қазкоммерцбанк»-ке қатысты бұл өзгеріс 2015-жылдың 1-қазанынан бастап енгізіледі.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА