Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз қаласындағы Орталық базарда дәстүрлі денсаулық күні өтті

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2014
  • 1706

Тараз қаласындағы Орталық базарда дәстүрлі денсаулық күні өтті. "Нұр Отан" партиясының «Жастар - Отанға!» жобасы аясында жүзеге асқан шараны жас отандықтар жалғастырып отыр.  Іс-шараның мақсаты - қалада жұмыс істеп жүрген ауыл жастары мен сауда саласындағы азаматтарды кәсіби түрде оқыту және қайта даярлау. Оған қоса әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жөнінде кеңес беру. Әсіресе «Денсаулық күні» аясында медицина мамандарының кеңесіне жүгінушілерге денсаулықтарын бағамдауға мүмкіндік жасау. Сырқаттанудың алдын алуына қолғабыс ету. 

Шара шеңберінде дәрігерлердің кеңесіне жүгінушілер көп болды. Денсаулығын тексертуге келгендер кезекке де тұрып жатты. Мамандар азаматтардың қан қысымын өлшеумен қатар, денсаулықты күту әдістерімен бөлісті. Орталықта жыл басынан бері 456 адамға кеңес беріліп, 241 азаматқа тегін медициналық көмек көрсетілген. Ай сайын екі рет ақысыз көрсетілетін медициналық қызмет тағы бар. Жалпы, базарда сауда жасайтындардың емдеу мекемелеріне жүгінуге уақыты тапшы. Алдағы уақытта олар үшін «Денсаулық күні» акциясы тұрақты түрде ұйымдастырылады. Аталған жобаға мемлекеттік мекемелер, екінші деңгейлі банк өкілдері, барлығы 15-тен аса мекеме тартылмақшы.

Әбілқасым Жетербай, Тараз қаласы «Орталық базарының» бас директор орынбасары:

Бұл «Нұр Отанның» жастар қанаты жағынан біз ешқандай не көріп отырғанымыз жоқ. Бізге қолдауы болмаса, басқа жағдай жоқ, тек қана қолдауын көріп отырмыз. Айына екі рет медициналық көмек беріп отыр. Және көптеген жағдайда біздің мынау тұтынышулар базардағы сол кісілерге үлкен ақпараттық хабар береді. Түсініктеме береді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ