Шымкентте студент үш бірдей қатарласын пышақтап тастады. Олардың
барлығы да белді жоғары оқу орнының екінші курсында оқиды. Оқыс оқиға
қыркүйектің 30-нан қазанның 1-не қараған түні шаһар орталығындағы
жатақханалардың бірінде болған. Пышақталғандардың бірі сол жерде жан тапсырса,
енді бірі аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр. Ал үшінші студент алған
жарақаты жеңіл болғандықтан, алғашқы медициналық көмектен соң босатылған. Ол
қазір жатақханасына оралған. Алайда онымен тілдесудің сәті түспеді.
Прокуратураның дерегінше, қамауға алынған студент арадағы жанжалға өзара туындаған кикілжің
себеп болғанын айтқан. Тергеуге берген жауабында, оқиға болардан бір күн бұрын
жабылып сабап кеткенін, келесі күні сақтық жасауының соңы қайғылы аяқталып
отырғанын айтқан.
Ермек
Әйтімов, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары:
Қазір
осы оқиғаға байланысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Пышақтаған
адам уақытша ұстау абақтысында қамауда.
Жиырма жастағы күдікті өз қылмысын толық мойындап отыр.
Айзада
ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ