Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев кезекті жеңісіне қол жеткізді

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1259

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. АҚШ-тың Санта-Моника қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз алаң иесі Джованни Сарранды төртінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Бұл Иса Ақбербаевтың спорттық карьерасындағы 14-ші жеңісі.



Алматы қаласының қысқы олимпиада ойындарын өткізу мүмкіндігі арта түсті. Жуырда белгілі болғандай бұған дейін өтініш білдірген Норвегияның Осло қаласы райынын қайтты. Енді Алматы және Бейжің қалалары ақ олимпиада астанасы атану үшін өзара бәсекеге түседі. 2022 жылы қысқы олимпиаданы қабылдайтын мемлекет 2015 жылы белгілі болады. Бұған дейін жарыс жолынан Стокгольм, Краков және Львов қалалары шығып қалды. Енді міне Осло шаһары дүбірлі жарыстан бас тартты. 2015 жылдың ақпан айында Халықаралық олимпиада комитетінің өкілдері Алматы қаласының дайындығын тексеріп, шешім шығарады. 2018 жылы ақ олимпиада Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Ал араға төрт жыл салып, дүбірлі дода енді Еуропада емес, тағы да Азия құрлығында өтетін болды.



Теннистен әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің үшінші айналымына жолдама алды. Екінші кезеңде Джокович Канада спортшысы Васек Поспишилмен ракетка түйістірді. Кездесу басынан ойын тізгінін қоланы алған әлем рейтингінің көш басшысы бірінші сетте 6-3 есебімен алға шықты.

Үзілістен кейінде алған бетінен қайтпаған Новак Джокович ұпай санын арттырды. Өз кезегінде жиі қателесіп, қарсыласының қарқынына төтеп бере алмаған Васек Поспишил аяғы жеңілісін мойындады.  

Самат ҚАНАҒАТОВ