Русский Сайттың толық нұсқасы

Тараз түбінде жарықсыз отырған саяжай бар

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2014
  • 1152

Бүгін Таразда қала күні тойланып жатыр, ал шаһар түбінде жүзден аса үй жарықсыз отыр. «Рассвет» саяжайының тұрғындары бір айдан бері электр көзінен қағылған.  

Дегенмен, тұтынушылардың өздерінен де бар екен. Жарықсыз қалған саяжайдың белсенді тұрғындары бүгінгі мереке күні өз проблемаларын көтерді. 170 отбасы атынан сөйлегендер, тиісті органдарға талай барғандарын, бірақ нәтиже жоқтығын айтыты.

Қазақстанның мұнайы бәрімізге жетеді. Біздің бала-шағамызға. Неліктен бізге 170 үйге жарық бере алмайды? Міне, Айт келеді, Құрбан айт. Біз не істейміз, қалай елге тамақ жасап береміз?

Облыстың, қаланың басшылары мына халыққа қарау керек. Жарықтың жоқтығы бұл енді ұят. 21 ғасыр - біз жарықсыз отырмыз.

Тоқ көзінен тарыққан тұрғындар тұтынушылар кооперативі жетекшісін кінәлайды. Саяжай 14 жыл бұрын қаланың қарамығына кіргенімен, электр жүйесі әлі күнге ретке келмепті. Жаңадан алынған трансформаторға электр желісі Тараздан тікелей тартылған. Сол себепті тұрғындар электр ақысын қайда төлеуді білмей жүрсе керек. Тұтынушылардың кейбірі 6 айдан бері жарыққа ақы төлемеген.  Жауапты мекеме тұрғындар қарызды өтемесе, қуат көзі берілмейтінін ескертті.

Марат Дүйсенбаев, Тараз қалалық энергоөткеру бөлімінің басшысы:

Бізде тұтынушылар кооперативімен келісімшарт бар. Сол бойынша олар бізге 5 млн қарыз. Сол үшін біз қиып тастадық.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ