Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда наразылық білдірген студенттер автономия әкімшілігінің басшысымен келіссөздер жүргізуге келісті

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 1027

Гонконгта наразылық білдірген студенттер автономия әкімшілігінің басшысы Керри Лэммен келіссөздер жүргізуге келісті, деп хабарлады «Рейтерс». Алайда, олар жаппай сайлауға қатысты наразылық акцияларын жалғастыра беретіндерін айтты.

Оған дейін студенттер, Лян Чжэньинға өз орнын бейсенбіге дейін босатпаса, үкіметтік ғимараттарды басып аламыз деп, қоқан-лоқы көрсеткен болатын. Қойылған талап мерзімі аяқталуға аз қалғанда Лян Чжэньин өз орнынан кетпейтінін мәлімдеді. Бірақ, студенттерге Керри Лэммен келіссөздер жүргізуге кеңес берді.

Еске салайық, 26 қыркүйекте Гонконг көшелеріне 80 мыңға жуық адам шықты. Олар жергілікті басшылықты өздері сайлау құқығын сақтап қалғылары келеді. Пекин бұл ұсыныспен келісіп, 2017 жылдан бастап Гонконгқа мұндай мүмкіндікті береміз деп, уәде етті.

Алайда, Гонконг тұрғындары дауыс бере алатын барлық үміткерлерді тағы бір қайтара Қытай сайлаушылары мақұлдауы керек деген шарт қойды. Гонконгтағылар мүнымен келіспей, дауыс беруді толық демократияландыруды талап етіп отыр.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ