Русский Сайттың толық нұсқасы

ExxonMobil Эбола вирусының өршіп кетуіне байланысты Африка аймағындағы кейбір жобаларының жұмысын тоқтатты

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2014
  • 896

Америкалық ExxonMobil мұнай өндіруші корпорациясы Эбола вирусының өршіп кетуіне байланысты Батыс Африка аймағындағы кейбір жобаларының жұмысын тоқтатты.

Ал Либерия билігі, Томас Дункан атты азаматты сотқа бермекші. Өйткені, ол вирусты жұқтыру қаупі жоғары екенін біле тұра, Либериядан рұқсатсыз шығып, Америкаға аттанған. Сөйтіп, бір ғана азаматтың салғырттығынан қатерлі вирус АҚШ-қа жеткен. Және Құрама Штаттар аумағына келгенде науқас 80 адаммен кездесіп үлгерген. Қазір олардың барлығы оқшауланды.

Ал дәрігерлер, Томас Дунканның жағдайы ауыр деп алаңдап отыр. Дегенмен, Либерия президенті Эболаның таралуы бәсеңдеді, жағдай тұрақталып келеді, деп мәлімдеді. Оның айтуынша, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі шындыққа сай келмейді.

Айта кетейік, денсаулық сақтау ұйымы қараша айында, қатерлі ауруды жұқтырғандар саны 20 мың адамға жетеді, деген болжам жасаған еді.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ