Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смагұлов
2 айға қамалды. Мұндай шешімді Қазыбек би аудандық соты бүгін шығарды. Судья
Еркеш Маукеннің үкіміне сай, сот 307-баптың 4-бөлімі бойынша Смағұловты екі
айға қамауға алуға санкция берді. Қамауға алу мерзімі 2014 жылдың 1 қазан
айынан бастап есепке алынады.
Еске салайық, Қарағанды қаласының
экс-әкімі Мейрам Смағұлов ұсталғаны белгілі болды. Бұрынғы шенеунікке қызметтік лауазымын асыра пайдаланды
деген айып тағылды.
Еркін ҚАРИН